Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде қала имамдарының кезекті жиналысы өтті. Қаланың бас имамы Қанат Әділханұлы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевтың қасиетті Құрбан айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге байланысты тапсырмаларын қала имамдарына жеткізді.
Жиналыс барысында Қанат Әділханұлы Құрбан айт мерекесін халыққа сезіндіру мақсатында қала мешіттерінің ауласына «Құрбан айт құтты болсын!», «Құрбандықтарыңыз қабыл болсын!» сынды құттықтау баннерлерін ілуді тапсырды.
Дін қызметкерлері жылдағы үрдіс бойынша құрбандық шалуға құлшынған жұртқа ақпарат беруді қолға алмақ. Уақ мал немесе ірі қараны құрбандыққа шаламын деген кісілер «Кеңесхан қажы» мешітінде тізімге жазыла алады. Мешіт өз кезегінде ірі қараны жеті адамға дейін бірігіп шалатын кісілерді табыстырып отырады.
Имамдар айт күндері шалынатын құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру ісін кешенді түрде жүзеге асыруды талқылады.
Қала имамдары мерекені ұлттық нақышта өткізу үшін де өз үлестерін қоспақ.
Жиын соңында Қанат Жұмағұл Құрбан айт қарсаңында құрбандық шалынатын қаладағы төрт мешіттің тазалығына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі
23.08.2017
3683
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру