Апта басында облыстың бас имамы Батыржан Мансұров Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан атыраулық шәкірттермен кездесті.
«Иманғали» орталық мешітінде өткен кездесуде негізінен оқу процесі талқыланды. Кездесуге келген он студенттің арасында ақылы негізде білім алып жүргендері де бар. Бұған дейін орталық мешіттің шәкірттердің оқу ақысын төлеп, кейін оларды облысқа жұмысқа тарту тәжірибесін енгізгені белгілі. Осы жүздесу кезінде де бас имам Батыржан қажы Берденұлы шәкірттерді туып-өскен топырақтың игілігі жолында қызмет етуге шақырды. «Діни ахуалдың еліміздің батыс өңірлерінде, соның ішінде, Атырауда күрделеніп тұрғаны жасырын емес. Мәселенің бір себебі дін мамандарының жетіспеушілігімен байланысты болып отыр. Біздің облысымыздың әсіресе, ауылдық елдімекендері имамдарға, дін қызметкерлеріне мұқтаж» деген Батыржан қажы Берденұлы асыл дінімізді бұқараға кеңінен насихаттаудың нығметі мол сауапты іс екендігін де атап өтті. Жүздесу соңы түскі аспен аяқталды.
Атап өтерлігі, облысты сапалы дін мамандарымен қамтамасыз ету ісін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі қашан да басты назарда ұстап келеді. Бір ғана 2016-2017 оқу жылдары Нұр-Мүбарак университетінің бітіруші төрт түлегі облысқа тартылды. Олардың бірі Атырау қаласы Жұлдыз ауылындағы Мұңайтпасов атындағы мешітте, қалған үш маман Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарындағы мешіттерде наиб имам болып қызмет етуде.
Қазіргі таңда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде атыраулық 27 студент білім алуда. Оның 11-і грант, 16-сы ақылы негізде оқиды. Ақылы оқу бөлімінде оқитын студенттерге орталық «Иманғали» мешіті тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп келеді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
22.08.2017
3690
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру