Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АЯСЫНДА 400 ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Науан хазірет мешітінің баспасөз қызметі   22.08.2017 3133 0 пікір
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АЯСЫНДА 400 ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

 Әр оқу жылының қарсаңында ҚМДБ-ның мешіттері тарапынан атқарылатын «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасын өткізу дәстүрге айналып келеді. Биыл да бұл игі шара кеңінен жалғасын тапты.
ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын жүзеге асыру аясында "Науан хазірет" орталық мешіті мен жергілікті зекет қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.

ҚМДБ-ның Ақмола өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Сәбит жиналған оқушыларды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, биылғы оқу жылы мұсылмандардың қасиетті мерекесімен сәйкес келгенін атап өтті. Оларға білім алудың маңыздылығы жайлы айта келе, оқуда озат болып, болашақта еліміздің өркендеуі үшін адал қызмет жасауға шақырды.  

Қайырымдылық шарасының аясында мектеп жасындағы 400-ге тарта оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен кеңсе жабдықтары таратылды. Жиын соңында дәстүрімізге сәйкес, мешіт ақсақалы батасын беріп, балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — дейді, дана халқымыз. Балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іс. Бізде өз тарапымыздан осындай игі шараға ат салысқан барлық азаматтарға Алла разы болсын демекпіз!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру