Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар имамдары маусымдық шараларды талқылады

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 22.08.2017 3218 0 пікір
Павлодар имамдары маусымдық шараларды талқылады

  Ұлық мереке Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу мақсатында Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  облысқа қарасты қала, аудан имамдарының  кезекті басқосуы  өтті.

Күн тәртібінде облыс бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Мәселен, құрбан айт мерекесін ізгі шаралармен белгілеп өткізу туралы  өкіл имам Исенов Нариман, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы туралы наиб имам Хасан Аманқұлов, Павлодар қаласы, Павлодарский аулындағы «Әбу Бәкір сыддық» медресесіне шәкірттер қабылдау барысы туралы «Әбу Бәкір сыддық» медресе-колледжінің директоры Аршабеков Серікбол, жат ағым бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, алдағы мақсаттар туралы наиб имам  Қайырбеков Нұрлан, 2018 жылға ҚМДБ-ның басылымдарына жазылу туралы наиб имам  Хасан Аманқұловтар арнайы сөз алып, имамдарға тапсырмалар жүктеді.

Ең бастысы келе жатқан «Құрбан айт» мерекесіне Діни басқарма міндеттеген тапсырмаларды жоғары деңгейде атқару пысықталды. Құрбан айт - мемлекеттік мереке. Осы күні ел халқы мереке күні ретінде демалады. Олай болса, мешітке келуші әрі құрбан шалушы жамағат саны көп болары анық. Сондықтан құрбан шалудың ережелерін насихаттау әрі шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға тарату мәселесі тапсырылды.

Діни басқарма тапсырмасына сәйкес айт күні Павлодар қалалық орталық саябақта киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жамағат арасында жарыс ұйымдастыру ісін Павлодар қаласындағы 6 мешіт жоғары деңгейде өткізуміндетін қолға алды.

Қазіргі таңда имамдар үшін басты мәселенің бірі жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу. Ағым жетегіне ілескендерге  жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, райынан қайтару өзекті іс екені анық. Өкіл имам басқосуға қатысқан қала, аудан имамдарына осы мәселеге ерекше назар аударуды тапсырды.

Басқосу, іскерлік іс-шаралар арқылы облысымыздағы «Әбу Бәкір сыддық» медресесі шәкірттерінің бос уақытын тиімді өткізу, олардың салауатты өмір сүру деңгейін қанымдау мақсатында дене шынықтыру, спорттық ойындар ұйымдастыруына арнап спорт залмен қамтамасыз ету жолдарын да талқылап, пікір алмасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру