Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құран Кәрім – таудан биік асқар шың

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 22.08.2017 4715 0 пікір
Құран Кәрім – таудан биік асқар шың

Тауға түссе, тау топырақ боп үгітілердей «ауырлығы» бар Алланың кәләмі – Құранды оқып үйрену де – көп қажыр-қайратты қажет ететін құлшылық. Бұл бір заңғар шыңды бағындырғанмен бірдей дерсің.

Құранды жандарына серік еткен «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері де ұстаздарының үйретуімен заңғар тауға жалықпай өрлеп келеді. Асқар шыңның алғашқы белестері – араб әліпбиі мен тәжуид ережелерін мұқият меңгерген олар жақында ұстаздан алған білімдерін таразылады.

Мешіт ұстазы Диляром Бектаева мен іс-тәжірибеден өтуші «Сарыағаш медресесі» колледжінің шәкірттері бірлесе ұйымдастырып, «Құран Кәрім – таудан асқар биік шың» атты тағылымды сабақ өткізді. «Раййан» және «Фирдаус» атты екі топқа бөлінген шәкірттер бес кезең бойынша білімдерін бәйгеге салып жарысты. Алғашқы кезеңдерде ойыншылар әліпбидегі әріптердің реттілігін сақтау, әріптерді айту, жазуға байланысты жеңіл тапсырмалар орындаса, кейінгі кезеңдерде тәжиуд ережелерін қаншалықты терең меңгергендіктерін сынға алып, Құранды қатесіз оқуға тырысты. Байқауда ұпай санымен басым түскен «Раййан» тобы жеңіске жетіп, білімі күштінің мыңды да жығатындығын байқатты.

Барлық қатысушыларға естелік ретінде өкіл имамның атынан кітаптар сыйға берілді. Оның бірі «Дін және Отан» деп аталса, екіншісі – Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннет жолы жайлы жазылған құнды кітап.

Бір айдан астам уақыт облыстық орталық «Нұр Ғасыр» және қалалық орталық мешіттен іс-тәжірибеден өткен медресе студенттері Ақнұр мен Гүлбану осы аралықта өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Мешіт ұстазы Диляром Бектаеваның қадағалап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отыруымен барлық жұмысты жауапкершілікпен атқарған олар мұндағы шәкірттерге де бауыр басып үлгерді. Оларға әліппе, Құран және фиқһ сабақтарынан дәріс беріп, айына бір мәрте жексенбілік уағыздар жүргізді.

Медресе қабырғасында оқитын шәкірттерімізден болашақта бұдан да зейінді, ізденімпаз маман шығады деп сенеміз.

WhatsApp Image 2017 08 16 at 21.17.40

WhatsApp Image 2017 08 16 at 21.17.39

WhatsApp Image 2017 08 16 at 21.35.27

WhatsApp Image 2017 08 16 at 21.35.28

WhatsApp Image 2017 08 16 at 21.35.281

WhatsApp Image 2017 08 16 at 21.35.291

WhatsApp Image 2017 08 16 at 21.17.36

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру