Кеше діни басқарманың тапсырмасына сәйкес, қала және аудан мешіттерінің жамағаты арасында «Ұлы Дала жастары» атты республикалық кіші футбол турнирінің облыстық іріктеу сайысы өтті.
Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған өкіл имам Төлеби Оспан салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан мұндай шаралардың жамағаттың бірлігін арттырып, тұтастығын сақтауда маңызы зор екендігін баса айтты.
Іріктеу турнирі қаладағы Ақтөбе мұнай және газ колледжінің спорт алаңында өтті. Оған Ақтөбе қаласы мешіттері мен аудан жамағатынан барлығы 16 команда қатысып, қарсыластар жеребе арқылы анықталды.
Тартысқа толы ойында «Сүлеймен ата» мешітінің жамағаты айқын басымдылық танытып, нәтижесінде жеңімпаз атанды. Команда кубок, Мақтау қағазы және 100 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталды.
Сондай-ақ, сайыс барысында шеберлігімен көзге түскен Алтынбек есімді ойыншы «Үздік ойыншы» номинациясын иленді. Қорғанысының мықтылығымен көзге түскен мұғалжарлық «Нұртай» мешітінің командасы ІІ орынға табан тіреп, команда қақпашысы Айдос Бергенбаев «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды. Командаға 60000 теңгелік жүлде қорымен бірге арнайы кубок саланатты түрде табысталды. Аталған екі командаға есе жіберген Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің ойыншылары да шаршы алаңда жақсы өнер көрсетіп, үздік үштікті қорытындылады. Үшінші орынның жүлде қоры 40000 теңгені құрады.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
22.08.2017
3642
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру