Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт ауласынан балаларға арналған алаң ашылды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі. 21.08.2017 3424 0 пікір
Мешіт ауласынан балаларға арналған алаң ашылды.

Қасиетті «Құрбан» айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен және жеке кәсіпкердің қолдауымен облыстық орталық мешітінің ауласынан  балаларға арналған ойын алаңы  ашылды.

Көңілдің  гүлі, көздің нұры саналатын балаларға  қуаныш сыйлап, олардың  діни білім алып, дене және рухани дамуы үшін лайықты жағдай жасау  үшін барынша жағдай жасалуда. Сауат ашу курсында ілім алып жатқан шәкірттерімізде бір сәтке бойын сергітіп, салауатты өмір салтын насихаттау,-деді өкіл имам Руслан Тыныштықұлы.

Мешіттің жамағаты Айсалқын Шәутімовадан балаларға арналған ойын алаңы турасында сөзге тартқан едік:

-Жалпы құны 4 млн. теңге болатын балаларға арналған ойын алаңы мешіттің ауласында болғаны қауынышты жағдай. Мешітке келген жамағат құлшылық қылып, Алладан дұға тілесе, ал балалар ойын ойнайтыны белгілі. Әткеншектер, турниктер, әр түрлі ойын құралдары мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер және бастауыш класс оқушылары үшін қолайлы. Ойын алаңын ашқан өкіл имам мен иманды азаматтарға Раббымыз разы болсын. Мешіт жамағаттары атынан шексіз  ризашылықтарын білдірді.

 

                 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру