ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстық әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен келелі кездесу өтті. Кездесу облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығында өтті.
Шараға исламтанушы, журналист, «Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз хатшысы, магистрант, ҚМДБ-ның «Асыл арна» телеарнасындағы шариғи редактор орынбасары Кеңесбай Айша Аманқызы қатысты.
Облыстағы әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Марал аталмыш шараға барлық ұстаздар мен қыздар жамағатының қатысуына барынша атсалысты. Кездесуде исламдағы қыз бала әдебі, көркем мінез-құлық мәселесі туралы әсерлі уағыз-насихат айтылып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, Сыр елінің тарихымен танысты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
21.08.2017
3445
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру