Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АУЫЛ МОЛДАЛАРЫ БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРДІ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2017 3455 0 пікір
АУЫЛ МОЛДАЛАРЫ БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРДІ

Бүгін «Ақтөбе медресесі» колледжінде өткен ауыл молдалары мен молдалыққа үміткер жандарға арналған бір айлық білімді жетілдіру курсының жұмысы қорытындыланды. Өкіл имам Төлеби Оспан және медресе директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков аталмыш курсқа толық қатысқандарға арнайы Сертификаттар табыстап, білімдеріне Алла берекет берсін деген ізгі тілектерін арнады. Аталмыш құжат қатысушының курс бағдарламасын меңгергендігін растау үшін берілді.

Бір айға жалғасқан курсқа 15-ке жуық адам қатысты. Оларға Ақида, Фиқһ Құран, Тәжуид пәндерінен дәріс жүргізілді. Сондай-ақ, діни рәсімдерге қажетті дұғалар мен құтпалар жаттатылды. Курсты жүргізген медресе ұстаздарына алғыс айтқан өкіл имам Төлеби Дәділұлы олардың еңбектеріне жеміс тілеп, өз ризашылығын жеткізді.

Игі үрдіске айналған бастаманың бұл бірінші мәрте ұйымдастырылуы емес. Қатысушылар тарапынан қолдау тауып отырған игі шара білімді жетілдіру – бүгінгі заман талабы екендігін тағы да бір қуаттай түседі.

 

WhatsApp Image 2017 08 19 at 18.10.481

 

WhatsApp Image 2017 08 19 at 18.10.482

 

WhatsApp Image 2017 08 19 at 18.10.483

 

WhatsApp Image 2017 08 19 at 18.10.484

 

WhatsApp Image 2017 08 19 at 18.10.485

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру