Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оқуға ынталылардың қатары толысуда

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2017 3369 0 пікір
Оқуға ынталылардың қатары толысуда

Кеше облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан жұмыс сапарымен Алға ауданына барды.

 «Ақтөбе медресесі» колледжінде болған кездесуінде өкіл имам ауыл имамдарына арналған бір айлық білімді жетілдіру курсының жұмыс барысымен танысты. Ұстаздармен, курсқа қатысушылармен сұхбаттасып, ауыл имамдары айлық ілім мәжілісінен алған әсерлерімен бөлісті.

Колледж мәртебесін иеленген медресенің базасын толықтыру да –бүгінгі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Осы ретте, жуырда медресе жанынан жаңа спорт залының құрылысы басталды. Құрылыс басында болған өкіл имам ондағы жұмыстың жүру барысын қадағалап, салауаттылықты насихаттау мақсатында салынып жатқан жаңа нысанның жобасымен танысты.

Аталмыш білім ордасында қазіргі уақытта қызу жүріп жатқан науқанның бірі – жаңа оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау рәсімі. Осы бағыттағы жұмыстардың жүргізілу ретімен танысқан өкіл имам оқуға өтініш білдірген биылғы талапкерлермен тілдесті. Олардың алдағы емтихандарға дайындықтары пысықталды. Бір қуантарлығы, соңғы жылдары медреседе оқуға өтініш білдіріп, діни саланы меңгеруге қызығушылық танытушы талапкерлердің, әсіресе жастардың қатары көбейіп келе жатыр.

Ауданға қарасты Қарабұлақ ауылының мешітіне жуырда жаңадан бас имам тағайындалған болатын. Жаңа имам Сапарбаев Орынбасардың хал-жағдайымен танысқан өкіл имам Төлеби Дәділұлы ауыл мешітіне бас сұқты. Сондай-ақ, ауыл әкімі Ербол Куспановпен кездесті. Өңір басшысымен сұхбат барысында діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау мүддесінде бірлесе жұмыс жасау туралы пікір алмасып, бұған қоса жергілікті жаңа имамды баспанамен, тұрақты жалақымен қамтамасыз ету жайы сөз болды.

 WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.01

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.06

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.09

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.11

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.12

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.13

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.14

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.15

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.131

 

WhatsApp Image 2017 08 17 at 21.18.141

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру