Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жанашырлыққа жан риза

 Қанат Қуанышбайұлы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласымешітінің наиб имамы     21.08.2017 3547 0 пікір
Жанашырлыққа жан риза

Бүгін мешітімізде ерекше күн. Мектепке барушы оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Жаңа оқу жылын асыға күтіп жүрген балалар жаңа заттарын көріп, қуанып мәре-сәре болды. Риясыз көңілдерінің көтерілгенін көріп бізде қуанып қалдық.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында, мешіттерде қалыс қалмай «Мектепке жол» атты акциясын өткізеді. Осы орайда Бөрлі ауданды, Ақсай қаласы мешіті және Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетілді.

Аталмыш акцияның мақсаты – балалардың 1-қыркүйек күні жаңа мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алып баруына азда болса көмек көрсету. Бастысы балаларға мейірім мен қуаныш сыйлау.

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің Бас имамы Мейрамбек Абдрахманов  жиналған оқушыларды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, оқуда озат болып, болашақта еліміздің өркендеуі үшін адал қызмет жасауға шақырды. Қайырымдылық іс-шара аясында мектеп жасындағы  оқушыларға мектепке қажетті киім кешектері, оқу құралдары мен кеңсе қажеттері таратылды. Жиын соңында балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру