Еліміздегі бірден-бір теологиялық бағытта білім беретін жоғары оқу орны-«Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдени университетінде күні бүгінде 21 батысқазақстандық білім алуда. Олардың қатары биыл тағы 17 шәкіртпен толықты.
Кеше «НұрОтан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында өңірімізден «Нұр-Мүбәрак» университетіне оқуға түскен шәкірттермен және олардың ата-аналарымен кездесу өтті.
Кездесуге ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Даумов қатысты.
БҚО дін істері басқармасының басшысы Саялбек Махамбетұлы бүгінде ата-аналардың балалардың діни білім алуына қарсылық білдіретінін жасырмады. Бұған әлемдегі түрлі теріс діни ағымдардың ықпалынан болып жатқан жағдайлар себеп. Жерлестеріміздің теологиялық бағытта білім алуына қолдау білдірген басқарма басшысы:- Биыл облысымыздан 17 жастың «Нұр-Мүбәрак» университетінің грантын иеленуі — қуанышты жағдай. Ендігі үмітіміз — оқуға түскен шәкірттердің толыққанды білім алуында. Қазіргі уақытта елімізге дінтанушы, исламтанушы мамандықтар аса қажет. Сондықтан аталған университетті тәмамдаған түлектер жұмыспен қамтылады,-деді. Ал ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы бұл университетте оқу үлкен жауапкершілік жүктейтінін баса айтып, діни сауатты азамат көп нәрсеге жетік болады. Иманды, білімді, азамат болыңдар. Егемен еліміздің ертеңгі ұрпағы сіздерсіздер. Алла Тағала екі дүниенің білімін нәсіп етсін, -деп ақтілегін білдірді. Кездесу барысында сөз алған Әлішер Мүбәрак, Динара Жамбылова сынды грант иелері сенімді ақтауға тырысатындарын жеткізді. Сала өкілдері мен ата-аналар болашақ мамандарға ақ жол тілеп, оқудың маңызын ұғындырып, еліне қызмет етуге тілеулестік білдірді.
Астана медресенің түлегі, аталмыш оқу орнының студенті Бейімбет Дүйсенәлінің айтуынша, өңірімізден 17 түлектің сегізі-Орал қаласынан.
Шәкірттерге сәтті қадам тілеп, діни оқу орнын аман-есен бітіріп, Ақжайық елінің мақтаныштары болыңдар!








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі.
18.08.2017
3352
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру