Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде қажыларға семинар өтті (ФОТО)

  Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 15.08.2017 3107 0 пікір
Өскеменде қажыларға семинар өтті (ФОТО)

  Мұсылмандардың бес парызының бірі-қажылықтың жақындап қалуына байланысты ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қажыларға семинар болып өтті.

 Семинарға облыстық Дін істері басқармасының мамандары мен өңір бойынша қажылық ісіне жауапты,«Tawaf travel» қажылық компаниясының өкілі  мен қажылыққа аттанушылар қатысты.

«Қажылық бұл қастерлі құшылық болып табылады. Жыл сайын қасиетті сапарға аттанушыларға семинар өткізіп келеміз. Биылда қажылыққа аттанушыларға жиын өткізіп отырмыз. Сіздерге қасиетті құлшылық кезінде есте ұстайтын жайттарды назарларыңызға ұсынамыз» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

 Бұдан соң облыстық Дін істері басқармасының маманы сөз алып, қажыларды ол жақта кері ағымдарды насихаттаушылардан сақ болуды ескертті.

 Басқосуда өңір бойынша қажылыққа жауапты имам құлышылық кезінде ескеретін жайларды арнайы суреттер арқылы жан-жақты түсіндіріп өтті.

 Жиын соңында ақсақалды қария еліміздің амандығына, қасиетті сапарға аттанушыларға сәттілік тілеп, дұға жасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру