Алматы қаласы әкімдігі, «Дін істері жөніндегі басқармасының» бастамасымен «Жауһар» қоғамдық қорымен Алматы қаласының Жастар ісі бөлімі бірлесе құрған «Жас жамағат» клубының ұйымдастыруымен мешітке келуші жастар Алматы қаласының мұражайларын аралауда.
Республикамыздың мәдени астанасы Алматы қаласында халқымыздың тарихын танып-білушілерге арналған сан-түрлі мұражайлар орналасқан. Мысалға айта кетер болсақ, клуб мүшелері Дүкенұлы атындағы ұлт-аспаптар мұражайында халқымыздың өткен тарихын бүгінге жеткізуде маңызды орын алатын ұлттық аспаптарымызбен және олардың шығу тарихымен танысса, Алматы мұражайында қаламыздың пайда болғаннан тәуелсіздік алған уақытына дейінгі тарихи құнды жәдігерлерді көріп, қала тарихында өткен кезеңдерде саяхатта болып қайтқандай сезімде болды.
Ал, А.Байтұрсынұлының мұражай-үйінде ұлт ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды өмір жолы мен оның халқымызға сіңірген еңбектері жайлы мол мағлұмат алды. Жалпы клуб мүшелері осындай іс-шараларға белсенді қатысу арқылы, қазіргі жастардың халық тарихына бей-жай қарамайтындықтарын дәлелдеді. Үш аптадан бері жалғасып келе жатқан мұражайларды аралау іс-шарасы әлі де жалғасын таппақ.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
14.08.2017
3340
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру