Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық мешіт 50 баланы мектепке дайындады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 14.08.2017 3392 0 пікір
Облыстық мешіт 50 баланы мектепке дайындады.

Демалыс мерзімі аяқталып, мектепке дайындық басталып та кетті. Қыркүйекте барлық білім ордасы ілім деп келген балаларға толығады. 

Міне, осы оқу жылының басталуына орай, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Мектепке жол" науқаны жасалды. 

Іс-шарада көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шетеулі отбасылардың оқушы балаларына сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен сөмке үлестірілді. 

Алдын ала құрылған тізім бойынша, 50 балаға жас мөлшеріне қарай жабдықтар алынды. Аталған қажеттіліктерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен ҚМДБ-ның облыстағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, мешіттің наиб имамы Ержан Аманбаев табыстады. 

Бүлдіршіндер қуанып, сөмкесін асына кетсе, ата-аналар алғыстарын білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру