Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БІЛІМДІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАЙЫРЛЫ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 14.08.2017 4191 0 пікір
БІЛІМДІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАЙЫРЛЫ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Кеше Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев «Ақтөбе медресесі» колледжінде болып, ондағы имамдарға арналған бір айлық білімді жетілдіру курсының жұмыс барысымен танысып қайтты.

     Өткен шілде айының 20-сы күні басталған білімді жетілдіру курсында қазір ауыл имамдары медресе ұстаздарынан сабақ алып, біліктіліктерін шыңдауда. Нақтырақ айтқанда, курста республикалық имамдар форумдарында қабылданған алты бірдей маңызды құжат насихатталып, Құран, Иман шарттары, Ислам ғылымхалы, Ислам тарихы, Әдеп сынды пәндер қамтылған.

   Ауыл имамдарымен сұхбаттасқан облыстық мешіттің өкілі Нұрлыбек Шакизадаұлы оларға білімнің маңыздылығы, дінге, елге қызмет етудің екі дүниедегі абыройы, абзалдылығы турасында уағыз айтып, пікір алмасты. Курс жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2017 08 13 at 15.53.59

 

WhatsApp Image 2017 08 13 at 15.54.39

 

WhatsApp Image 2017 08 13 at 15.53.42

 

WhatsApp Image 2017 08 13 at 15.53.41

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру