Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 14.08.2017 3447 0 пікір
Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) “Адамның жақсысы - өзгелерге пайдасын тигізгендері” деген. Шындығында да ислам діні ізгі істерге үндейді. Солай демекші, елімізде ерекше қолдауға ие болған “Бір баланы киіндір” қайырымыдылық акциясы негізіндегі шаралар Орал шаһарында көрініс тапты.

Қасиетті жұмада Орал облыстық орталық мешітінің ауласында “Бір баланы киіндір” қайырымыдылық акциясы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.

Қайырымдылық жәрмеңкесінде балаларға арналған кітаптар, көже, шырын, компот, ыстық тағамдар сатылды.

Жиналған қаражатқа жағдайы төмен отбасыларының балаларына мектеп құралдары мен кеңсе тауарларын алуға жұмсалады. Бұл акция тамыз айынын соңына дейін жалғасады.

Айтулы шарада ҚМДБ-ның БҚО бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты мүшесі Гүлжамила Ахметова мен орталық мешітінің наиб имамы Марат Асанов қайырымдылық жәрмеңкесі турасында сұхбат беріп, жиналғандарды ізгілікке, жақсылық жасауға шақырды.

Ендеше, баршамызда қайырымдылық жәрмеңкесіне атсалысайық!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру