Кеше қала мешіттерінің жамағаттары арасында алғаш рет боулингтен спорттық сайыс өтті. Ақтөбе қалалық орталық мешіті ұйымдастырған тың бастама жамағат тарапынан жақсы қолдау тауып, ойынға барлығы он алты команда қатысты. Мешіт жамағаттарынан бөлек «Хан» орталығы мен «Мега шығыс» сауда орталығы да қызығушылық танытты. Мешіт имамдарына дейін жақсы ойын көрсетіп, нысананы дәл көздеген мергендіктерін паш етті.
Бұл күні боулинг клубтағы шетелдік әуеннің орнын ауыстырған қазақ күйінің күмбірі ойыншыларға ерекше рух, серпін берді. Бірнеше сағатқа жалғастан тартысты бәсекеде облыстық мешіттің намысын қорғаған қос команда да жеңіс тұғырынан көріне білді. Нәтижесінде, есеп төмендегідей түзелді. І орынды облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жастар командасы, ІІ орынды «Мега Шығыс» командасы иеленді. Ал ІІІ орын тағы да «Нұр Ғасырлықтардың» еншісіне бұйырды. Аламанда оза шапқан жеңімпаздарға кубоктар табысталып, мешіт ұжымы атынан арнайы сый-сияпат жасалды.
Салауаттылықты насихаттаған салмақты шара сәтті жалғасын табады деген сенімдеміз.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
01.08.2017
3374
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру