Көкше өңірі тағы бір сәулетті мешітпен толықты. Зеренді ауданына қарасты Ақан ауылында жаңа мешіт өз есігін айқара ашты. Ауданның бас имамы Қасымхан Ыдырыс алғашқы жұма намазын өткізді.
Жиналған жамағатқа тағылымды уағыз айтып, ислами жоралғылар мен парыз істер жайлы терең әңгіме қозғады. Ислам дінін кеңінен насихаттау, әсіресе, жастар санасына дәстүрлі діннің асыл құндылықтарын сіңіру аса қажет екенін атап көрсетті. Бұл күні ауылдан жырақта жүрген ақандықтар да туған жер төсінде тоғысып, осы айтулы оқиға аясында өтетін ,,Алаштың алтын шаңырағы,, фестивалін ұйымшылдықпен өткізуге кірісіп кетті.
Қасиетті жұма намазына жиналған қауымға Красный яр кентінің имамы Науан Мүтәлұлы құран оқып, бата берді. Сырттан келген қонақтар ауыл жанындағы жеті қорымға жерленген бабаоар рухына құран бағыштады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.08.2017
3924
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру