Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бірлік-береке бастауы

Бөрлі аудандық мешітінің найб имамы Жакенов Қанат 01.08.2017 3669 0 пікір
Бірлік-береке бастауы

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының «Ақсай техникалық» колледжінің алаңында «Бірлік - береке бастауы» атты ауданаралық мешіт жамағаты арасында минифутболдан жолдастық кездесу өтті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Жастар – ел болашағы» атты акция жолға қойылған болатын. Осындай ауқымды шара аясында Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов мен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанат Жакенов көршілес аудандардан және мешітке келіп жүрген жастарды жинады.

Мұндағы мақсат жамағат арасындағы, әсіресе жастар арасында ауызбіршілікті нығайту, бір-біріне деген құрмет, сыйластықты орнату. Осы сайыс болады деген күннен-ақ аудан жастары қызығушылық танытып, ойынға қатысуға ынта білдірушілер көп болды. Бас-аяғы 4 команда жиналып, жігерлі жастар өте тартысты ойын көрсетті. Команданың осалы болмады, барлығы да күш-жігерлерін салып, мықтылықтарын танытты.

Жарыс болғаннан кейін жеңімпаз да болады. Теңбіл доп тебуден алдына жан салмай, алға суырылып шыққан «Шыңғырлау аудандық мешіті» жамағаты Бас жүлдеге ие болды. Ал І орынды «Лубен ауылдық мешіті» командасы алса, «Бөрлі ауылдық мешіті» ІІ орынды алып, ІІІ орынды «Бөрлі аудандық мешіті» қанағат тұтты. Жеңімпаздар медаль мен мақтау қағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Бөрлі ауданық мешітінің бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, «Жастар – біздің болашағымыздың кепілі. Олардың дұрыс тәрбие алып, келешекте еліміздің мақтан тұтар азаматтары болуы өте маңызды. Жастардың басын біріктіріп, қашан да жөн сілтеу – біздің міндет», - деді.

Жастардың өркениетті елдің өрлі азаматтары болуда, өзіндік үлесін қосып жүрген «Парасат» қоғамдық бірлестігінң төрағасы Қанат Қуанышбайұлы алған бағытымыздан таймай, әлі де жастарды ынталандырып, тәлім-тағылым беретін қызықты шаралар ұйымдастыратын боламыз деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру