Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» оқу-семинары өз жалғасын табуда

ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі 26.07.2017 3851 1 пікір
«Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» оқу-семинары өз жалғасын табуда

Алматы өңіріндегі «Алель Агро» АҚ құс фабрикасы қасапшыларына кезекті оқу-семинар өтті. Семинарды ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы өткізді. Қасапшылар назарына Халал және Харам тақырыбында түрлі презентациялар мен видеороликтер көрсетіліп, “Мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы” Халал стандарт бойынша ҚМДБ өкілінің дәрісі тыңдалды.

ҚМДБ тарапынан қасапшыларға алғыс айтылып, «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты оқу–семинарын тәмәмдағандығын растайтын сертификат табысталды. Қасапшыларға малды бауыздау рәсімінің шариғатымызда алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды, әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін халық үшін жасалатын игі қызмет екендігі атап өтілді.

Бүгінгі таңда тәулігіне 85-90 мың тауықты бауыздау барысында 19 қасапшы қызмет атқарады.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Nurlibek | 28.07.2017 02:20

керемет Алла разы болсын!