Өткен аптада ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысындағы өкілдігі жергілікті ерікті жастар арасында бамперболдан тұңғыш рет турнир ұйымдастырды. Оған облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, облыстағы жастар өкілдігі мен қаладағы «Жүректен жүрекке», «Ақтөбе - қайырымды жандар» еріктілер тобынан құралған төрт команда қатысып, тамаша ойын көрсетті.
Ойынның футболдан бір ерекшелігі – мұнда ойыншылар үрмелі шар формасындағы «сауытты» киіп, сайысады. Нысана әдеттегідей – қарсылас команданың қақпасы.
Ойыншылары ширақ, қақпашысы қырағы, қарсыластары осал түскен жастар өкілдігінің командасы бұл жолы үздік ойын көрсетті. Жігіттер ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің облыстағы өкілі Асылхан Темірхановтың атынан Мадақтамамен марапатталып, команда мүшелеріне 1 ай бойына бампербол ойынына тегін сертификат берілді. ІІ орынды «Нұр Ғасыр» мешітінің командасы, ал ІІІ орынды «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы иеленді. Барлық командалар Алғыс хаттармен марапатталды.
Ойынға қолдау білдіргені үшін бампербол ойыны орталығының иелеріне алғысымызды білдіреміз.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
25.07.2017
3323
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру