Білім білгеніңмен бөлісу арқылы көбейіп, мұнымен адамның тәжірибесі де толыға түседі. Өткен аптада Тараз қаласында дәл сондай басқосу болды.
Һибатуллаһ Тарази мешітінің ұстазы Үсенова Зейнеп, Батыс Қазақстан облысындағы мешіт ұстазы Ахметова Гулжамиля және Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Диляром Бектаева жұмыс бабымен кездесіп, өзара сұхбаттасты. Мешіттердегі әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының жұмысы, шәкірттерге жүйелі сабақ жүргізу кезінде қолданылатын оңтайлы әдіс-тәсілдер, рухани-танымдық, спорттық бағытта іс-шараларға шәкірттерді қатыстырып, олардың қызығушылықтарын оятып, белсенділігін арттыру кезінде ескерілуі тиіс жайттарға тоқталып, өзіндік пікірлерін ортаға салды. Діни оқу орындарына шәкірт тәрбиелеу мәселесі де қатар қамтылды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
25.07.2017
3909
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру