2017 жылдың 20 шілдесі күні Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде қала имамдары, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары және Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сламбекова Ұлана Сламбекқызының қатысуымен діни экстремизмнің алдын-алу және т.б. өзекті мәселелерді талқылау мақсатында жиын өтті. Қала имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы қос мекеме қызметкерлерін таныстырып, қонақтарға сөз берді.
Дін проблемаларын зерттеу орталығы басышысының орынбасары Ерзат Жакипов ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатына байланысты айтқан сөзін жеткізді. Маман Қазақстан Республикасының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша ресми көзқарастар жүйесі болып табылатындығына тоқтала отырып, Тараз қаласы бойынша діни экстремизмінің алдын-алу бағытында жасалып жатқан шараларға тоқталды.
Осыдан алты ай бұрын тағайындалған Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекқызы қала имамдарымен танысып, Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңінің беталысын басшылыққа ала отырып, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің әлем мойындаған қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту, нормативтік құқықтық актілер жүйесі мен елдегі дін саласын реттеу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқарушылық шараларды жетілдіру қажет екендігіне тоқталып, имамдардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
«Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қала имамдарының асыл дінімізге қызмет етіп жүрген имамдардың деструктивті теріс діни ағымдарға тойтарыс беруде мүмкіндіктерінше еңбек етіп жатқандарын жеткізіп, мемлекеттік мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдірді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі
hibatulla.kz
21.07.2017
4222
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Ерема | 23.07.2017 02:34
Ассалаумағалайкум бауырлар.Одан да төрт Халифтың р.а.қандай болғанын айтып неге біздің билік солардан үлгі алмауын талқылау керек емес па.Елбасының саясаты жақсы болса өз туған қаламда анамыз екеуіміз біреудің үйін жалдап тұрып,10 жыл бойы АЛЛАҺтың жаратқан жерінен ,өздері жаратқандай бір сантиметр жерді бермей ,ит құрлы көрмеді ғой.Неге оданда осындай азғын билік неге мұсылман қазақтарды ит құрлы көрмейтінін айтпайсындар ма.шындықты айтпаған сіздер ертең хаширде сұралатындарынды білесіндер ғой.Елбасымен алда үлкен сотта жолығамыз.соны ол кісіге жеткізерсіздер