Ақтөбе қалалық орталық мешітінің қызметкері Нурллин Райымбектің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Кіл мықтыдан кім мықты?» атты футболдан жарыс өтті.
«Ақтөбе құрамасы», «Барселона құрамасы» және «Реал Мадрид құрамасы» болып үш командаға бөлініп, бақ сынаған спорт сүйер жеткіншектер тамаша ойын көрсетті. Теңбіл допты жарыса теуіп, нысанаға дәл тигізген «Ақтөбе құрамасының» шебер ойыншылары қарсылас командалардан басып озып, ұпайы басым түсті. ІІ орынды «Барселона», ІІІ орынды «Реал Мадрид» құрама командасы иеленді.
Сайыс соңында жеңімпаз командаларға сыйлықтар беріліп, жақсы ойын көрсеткен үздік қақпашы мен екі бірдей үздік ойыншыға ерекше сый-сияпат көрсетілді. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға медаль табыс етілді. Мешіт қызметкері Нурллин Райымбек салауатты өмір салтын ұстанудың абзалдылығын алға тартып, деннің саулығы, келешек ұрпақтың амандығы үшін шылым шегу, құмар ойын, ішімдік ішу секілді жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Жасы кіші інілеріне болашақта елдің атын шығаратын азамат болуларын тілеп, ыстық лебізін жеткізді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі
20.07.2017
3848
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру