Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Өскемен орталық мешітіне» жөндеу жұмыстары жүріліп жатыр. Аталған ғимарат көп жылдар бойы жөндеу көрмей сыртқы сылақтары түсіп, бүліне бастаған болатын.
Осы мәселені ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы облыс басшылығына жеткізудің нәттижесінде арнаулы қаражат бөлініп, жөндеу шаралары басталып та кетті.
«Бұл мешіт тарихи ескерткіш болып саналады. Ірге тасының қаланғанына биыл 120 жыл толып отыр. Осы тарихи құрылысқа мешітіміздің орын тепкені де үлкен мәртебе. Біз мешітті жыл сайын өз күшімізбен жөндеп, сыртқы сәулетін таза ұстап келеміз» деп атап өтті, осы мешіттің бас имамы Бауыржан Нығызбекұлы.
Жөндеу жұмыстары құрбан айттан бұрын аяқталады деп жоспарланып отыр.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
17.07.2017
4063
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру