Үстіміздегі жылдың 8-шілдесінде, "Асыл мұра" бағдарламасының аясында Алматы мешіт жамағаттары арасында футбол лигасы басталды. Шараның ұйымдастыруына Алматы қаласы әкімшілігі, Дін істері басқармасы мен Алматы орталық мешіті ұйытқы болды.
Лиганың алғашқы 8 кезеңінде 8 ауданның мешіттері арасында іріктеу болады. Одан ары аудан аралық іріктеу. Соңғы кезең финал болып, шілде айында басталған сайыс қараша айында аяқталу жоспарлануда.
Бірінші кезеңді Бостандық ауданына қарасты "Байкен" мешітінің намысын қорғайтын Фатих, Муслим, Қазақ күресі және Фил ұжымдары бастады.
Футбол ойындары "Байкен" мешітінің наиб имамы Нұрболат Дүйсебаевтың ақ батасынан басталды.
Қатысушылар қызықты да тартысты ойын үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 9 ұпаймен басым түскен "Қазақ күресі" командасы алтынды олжаласа, ал 6 ұпаймен "Фил" ұжымы күміспен күптелді. Қоланы "Фатих" ойыншылары қанағат тұтты (3 ұпай).
- Біз күреспен шұғылданамыз, футбол біз үшін хобби ғана. Жазғы уақытта, осындай футболдан жарыс ұйымдастырылатыны, қуантарлық жайт. Барлығына ұнады. Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз, біз үшін бұл керемет мүмкіндік. Онымен қоса, алғаш рет мешіт қызметкерлерімен футболдан додаға түстік. Шыны керек, жақсы әсер алдық, жеңістеріміз әлі де алда деп ойлаймын, - деп бөлісті "Қазақ күресі" командасының ойыншысы Ғани Келдіқұлов.
Айта кетсек, бұл бағдарлама шілденің 7-сі күні іске қосылды. Оның басты мақсаты мешіт жамағаты арасында бұқаралық спортты дамыту және дәріптеу.
Бүгін бастау алған футбол лигасында Алматы қаласының 48 мешіт жамағаттары қатысады. Айта кететін жайт, әр сенбі мен жексенбі сайын футбол ойындары өтіп, жақсы дәстүрге айналады деген ойдамыз.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталды. Ал, алтынды олжалаған команда қалалық турнирде өз мешіт намысын қорғайды.
Атап өтсек, "Асыл мұра" бірегей бағдарламасы Алматы мешіттері жамағаттары арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақпараттық және спорттық ХАБ
10.07.2017
3671
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру