Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балғындар бедерлеп «тұрғызған» бас қала

Балғындар бедерлеп «тұрғызған» бас қала

6 шілде – ел тарихындағы ерек дата, еңселі Елордамыздың туған күні. Өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке баулып, патриоттық рухта тәрбиелейтін айшықты күннің қарсаңында Ақтөбе қалалық «Руханият» мұражайында танымдық шара өтті. Оған мектеп жасындағы кішкентай балғындар қатысып, шараны мұражай мен әйелдер-қыздар секторы бірлесе ұйымдастырды.

ҚМДБ-ның әйелдер-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева балалармен Астана жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, Бас қаланың айшықты белгілері жайлы бенеролик көрсетілді. Елордадағы көркімен көз жауын алар, еңселі ғимараттармен таныстырып, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Ханшатыр», «Бәйтерек» секілді сәулетті құрылыстардың салыну тарихы, сәулетшілері, ғимарат ішіндегі көрнекіліктер жайлы көптеген тың, қызықты мағлұматтар айтты. Бас қалаға ойша сапарлатып, жүйрік қиялмен жүйткіп барып келген балғындар кейін ақ параққа Астананы бедерлеп, сурет салды. Астана жайлы естіп-білгендерін көңілге тоқып, апайлары қойған сауалдарға таласа жауап берді. Танымдық шара балғындар үшін жазғы демалыстың керемет бір күні болып есте қалды.

а

 

ааа

 

ас

 

асас

 

ассссс

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру