Кеше «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұстазы Талшын Қожахметова облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан марапат алды.
Марапат мешіт ұстазының «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын облыста жүзеге асыру барысында атқарған белсенді еңбегі және айрықша қызметі үшін берілді. Аймақ басшысы дәл осындай ерен еңбегі үшін «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы мен құқық қорғау органының бірқатар қызметкерлерін марапаттаған болатын.
- Аталмыш марапатты алуыма тікелей себепші болған, маған ерекше сенім білдірген екі облыстың өкіл имамдары – Шығыс Қазақстан облысының өкіл имамы Ермек Мұқатай ағамыз және Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан ағамызға зор алғысымды білдіремін. Алла Тағала олардың еңбектерін елеулі етіп, екі дүние бақытын нәсіп етсін, - дейді марапат иесі.
Өңірдегі діни қызметке сонау Өскемен қаласынан арнайы шақыртумен келген Талшын Зарқұмқызы қазіргі таңда қаладағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығына жетекшілік етеді. Жуырда ғана бес бірдей тәлім мектебі құрылған орталықта дәстүр мен діннің сабақтастығы дәріптеліп, дәстүрлі құндылықтарымызды үйрету бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
10.07.2017
4634
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру