ҚМДБ-ның БҚО бойыша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлының игі бастамасымен, жеке кәсіпкерлер Виктория Александровна Шмулько мен Динара Нұржанқызы Мергалиева және аты-жөнін атамауын қалаған басқа да кәсіпкерлердің қолдауымен Орал облыстық мешітінің жанындағы жазғы сауат ашу курсында білім алған қыздарға арналған қайырымдылық шарасы өткізілді.
Ұстаз Светлана Құмарқызы Бажуова мен Талгат Ғайсалұлы Чудобаев жетекшілік етіп, сауат ашу курсының шәкірт қыздарын Орал облыстық мешітінің ғимаратының жанындағы «City Center» ойын-сауық орталығына апарды. Жазғы демалыстарын пайдалы, әрі қызықты, яғни оқу жаттығуларымен қатар, қызықты ойынға толы тосын сыйларымен қатар өтіп жатырған жазғы демалысына балалар да дән риза.
«Funky Town» орталығының басқарушысы Виктория Шмулько барлық аттракциондарға жеңілдік жасады, понимен қыдырып, бассейнде де ойнаған қыздар 5Д форматында трансформерлер киносын тамашалап, балмұздаққа да тойды. Бон виль мейрамханасынан балаларды тамақтандыруды Динара Мергалиева ұйымдастырды.
Балақайларға қуаныш сыйлап, өз үлестерін қосқан еліміздің кәсіпкерлерінің баршасының кәсіптеріне береке, елімізге мереке тілеп дұға еттік. Әмин.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ БҚО бойынша баспасөз қызметі
10.07.2017
3504
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру