Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам журналистерге алғыс білдірді (ФОТО)

ҚМДБ Павлодар өкілдігі 30.06.2017 4597 0 пікір
Өкіл имам журналистерге алғыс білдірді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов 28 маусым – баспасөз күні мерекесі қарсаңында өңірлік БАҚ-тардың бірнеше  журналистерін арнайы қабылдады. Кездесуге «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының бөлім басшысы Сағындық Қайырұлы, «Павлодар ньюс» ақпараттық порталының тілшісі Тілеуберді Сахабаұлы,  облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Мереке Амантайқызы, облыстық «Халық радиосының» қазақ бөлімінің бас редакторы Раушан Сейітханқызы, қалалық «Ирбис» телеарнасының тілшісі Роза Жомартқызы және басқа тілші-журналистер қатысып өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Өкіл имам Нариман Ермекұлы журналистермен кездесуде асыл дінімізді  дамыту-көркейту бағытында облысымызда атқарылып жатқан іс-шаралар туралы әңгімелесіп, осы қасиетті де сауапты іске тұрақты атсалысып қолдау көрсетіп жүретін журналистерге:  Сіздерді Қазақстан Журналистерінің кәсіби  мерекесімен құттықтаймын. Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп екендігін, әрі жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы түсінеміз. Салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында облыс жұртшылығына хақ дініміз жайлы сөздерімізді жеткізіп,  маңызды  міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Қаламыңызға қасиетті тақырыптар ілінсін, ал сіздің әр сөзіңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

Кәсіби  мерекеңізбен  құттықтай отырып, шығармашылық еңбегіңізге шабыт, отбасыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін. Әрдайым қаламыңыз жүрдек, ойыңыз сергек болып  ел халқының  сансыз алғыстарына бөлене беріңіздер»,-дей келе оларға ҚМДБ-ы өкілдігінің алғыс хаты, ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру