2017 жылдың 25 маусымында Үшқоңыр медресе колледжін бітіруші түлектерге кәсіби білім жөніндегі диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Түлектерге дипломмен қатар қосымша кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың біліктілік сертификаттары табысталды. Айта кеткен жөн түлектеріміз Республикалық біліктілікті растау және тәуелсіз бағалау тестіне 100 пайыз қатысып, орташа 98 балл алды.
Мерекелік рәсімге Мемлекеттік емтихан комиссияларының төрағалары, колледж түлектері, исламтанушылар, білімді имамдарды дайындауға, мұсылман шариғатының қағидаларын дамытуға зор үлес қосқан азаматтар шақырылды. Салтанатты мерекелік шараны колледж директоры А.М. Амиров ашты. Осы салтанатты рәсімде қоғамдық шараларға, жоғары белсенділік танытқан және шығармашылық табыстарға жеткен ерекше көзге түскен түлектер Алғыс хаттармен марапатталды. Алғыс хаттарды Алматы облысының өкіл имамы Наржанов Қуаныш табыстады. Қарасай ауданының бас имамы Ернар Мажен мырза колледж әкімшілігіне және түлектерге алғыс сөздерін айтып, зор денсаулық пен үлкен табыстар тіледі.
Диплом тапсыру салтанатында колледж директоры: «Біздің түлектеріміз колледжде алған білімдері мен кәсіби біліктіліктерінің нәтижесінде еліміздің ислам өркениетінің дамуына елеулі еңбек сіңіріп, табысты қызмет жасауда. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Сіздердің алдарыңызда тұрған ең басты міндет – колледжде алған білімдеріңізді тәжірибемен ұштастыра отырып, қабілеті жоғары кәсіби тұлға болу», – деп ерекше атап өтті. Сонымен бірге, колледж басшысы үлкен өмірге қанат қағып отырған әрбір түлектің еліміздің рухани-мәдени, әлеуметтік өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосатындарына сенім білдірді.Өз сөзінен соң, бітіруші түлектерге салтанатты түрде диплом табыстады.
Биылғы оқу жылында «Исламтану» мамандығы бойынша 18 студент бітірді. Ал 6 түлек үздік диплом иегері атанды. Салтанатты жиын соңы мәдени бағдарламаға ұласты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
28.06.2017
6009
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру