Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда Ораза айт мейрамы тойланды

ҚМДБ Маңғыстау өкілдігі 26.06.2017 4718 0 пікір
Маңғыстауда Ораза айт мейрамы тойланды

Отыз күн оразасын тәмамдаған мұсылман жұртшылығына шат-шадыман қуанышын алып Ораза айт та жетті. ҚМДБ-ның Маңғыстау облысындағы мешіттер айт мерекесін атап өтті. Маңғыстау облыстық орталық мешітіне  таңғы сағат 7.00-де айт намазына жиналған халық мешіттің іші сыртын лық толтырды. Өкіл имам Смайыл Сейтбеков ел ынтымағы мен бірлігіне шақыратын «Ынтымақ пен бірлік имандылықтың көрінісі» тақырыбында көпшілікке уағыз насихат жүргізді. Айтулы мерекеге облыс әкімінің 1-ші орынбасары Сүйіндік Алдашев, қала әкімі Серікбай Тұрымов, облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов қатысып, облыс әкімінің 1-ші орынбасары Сүйіндік Тасеменұлы жиналған қауымды айт мейрамымен құттықтады.

Айт намазы оқылған соң Облыстық орталық мешіт ауласы арнайы тігілген 6 киіз үйден мыңнан астам адамға айттық дастархан жайылып, көпшілік дәм татып, айт дастарханының қадірлі қонағы болды. Тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға арналып мол дастархан жайылды. Зекет қорының Маңғыстау облыстық филиалы басшысы Серік Хантөреев айт мейрамына арналған шараларды ұйымдастыруда аталмыш қор тарапынан қолдау көрсетілгенін айтты.

Киіз үйлер жанында спорттық жарыстар өткізілді. Ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, асық ату, күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру, қой көтеру секілді спорт түрлерінен ерлер сайысқа түсті. Арнайы бекітілген әділ қазылар жеңімпаздарды анықтап, жүлделі орындардан көрінген батырларға өкіл имам Смайыл қажы Сейтбеков бағалы сыйлықтар табыс етті.

Әрбір мұсылманның жүрегін шаттыққа толтырып, үлкенді де, кішіні де мәз мейрам еткен Ораза айт мерекесі осылайша жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бірлік пен татулық аясында асқақтап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру