Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Фото: Алматы Орталық мешіті Ораза айт мерекесін атап өтті

ҚМДБ Алматы қаласы 26.06.2017 4084 0 пікір
Фото: Алматы Орталық мешіті Ораза айт мерекесін атап өтті
Әлем мұсылмандары бір күнде атап өтетін Ид әл-фитр, яғни Ораза айт мерекесі де келіп жетті. Алматы Орталық мешітіне мерекелік Айт намазын оқуға келген жұртшылық жылдағыдай ерекше әсер тосып, үлкендерге ілесе келген бүлдіршінде ре қызық күтуде...
 
Таңғы сағат 6:00-де мерекелік бағдарлама басталды: Орталық мешіттің наиб имамы Дулатбаев Жорабай айт мерекесінің мәртебесі жайлы әсерлі уағыз айтып, артынша Бас имам Нұрбек қажы Ауесханұлы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ Бас мүфтиі, хазрет Ержан қажы Малғажыұлының құттықтау сөздерін жеткізді.
 
Имам Нұрбек қажы Ауесханұлының артынан Айт намазы оқылғаннан соң, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сүннетіне сай, Ахметов Серік қари мерекелік хұтба оқып, артынша ел-жұрт амандығы үшін дұға жасалды.
 
Мерекенің ресми бөлімі аяқталып, думанды доданың тұсауын кір тас көтеру сайысы ашты: тепсе темір үзетін тас білекті жігіттер сайысқа түсіп, қара күштерімен талайды таң қалдырып тастаса, ендігі шетте бір топ арқан тартысып, үшіншілері асық атып, мергендіктерін сынауға кірісіп кетті.
 
«Білекті ер бірді жеңер, білімді ер мыңды жеңер» деген ұстанымда жүрген бауырларымыз бақтарын «101 сұрақ – 1001 сыйлық» сайысына түсіп, өздерінің де, өзгелердің де шариғи сауаттылығын бәсекеге салып жатты. Бұл сайыстың жүлдесіне кітаптар қойылған еді.
 
Балаларсыз мереке бола ма? Мерекенің қызығы ойын-күлкіде екеніне дау жоқ. Бүлдіршіндер де мешіт алаңында қапы қалып жатпады: Орталық мешіттің суретін салу сайысы арқан тартудан асып түспесе кем болған емес. Бар шеберліктерін салып, жас суретшілеріміз алаңға Орталық мешіттің бірнеше нұсқаларын тіз қатарынан салып тастады. Ең үздік суретшіге имам Ағзам Әбу Ханифаның өмір баяны жайлы кітап, қалғандарына «Намаз оқып үйренейік» кітапшалары сыйға тартылды.
 
Міне, осылайша Алматы Орталық мешіт ұжымы Ораза Айт мерекесін атап өтіп, елдің бірлігін, жамағаттың ауызбіршілігін нығайту жолында тағы бір сауапты іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Алла Тағала Рамазан айы бойы ұстаған оразаларымызды қабыл етсін, еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, мерейіміз асқақтай берсін. Айт мерекесі құтты болсын!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру