Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Ораза айт мейрамы өз дәрежесінде өтті (ФОТО)

ҚМДБ Қызылорда өкілдігі 26.06.2017 3579 0 пікір
Қызылорда: Ораза айт мейрамы өз дәрежесінде өтті (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мұсылмандардың ұлық мерекесі  - Ораза айтын жоғары дәрежеде атап өтті.

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұ­хаммед (с.ғ.с.): «Айт күні бірінші орындайтынымыз - намаз оқу» деп атап өткендей осы күні таң атысымен қала тұрғындары мешітке ағылып, айт намазын оқыды.

Айт намазына қатысқан жамағат ерекше көңіл күйде болып, бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін айтысып жатты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы көпшілікті Ораза айт мейрамымен құттықтап, аталмыш мерекенің құндылығына тоқталды.

Осы күні орталық мешіт алаңында арнайы киіз үйлер құрылып айт мерекесінің құрметіне тұрғындар дастархан дәмінен ауыз тиді.

Одан бөлек мешіт алаңында қазақы ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.

Қасиетті Рамазан айынан соң келетін ұлық мерекені осылайша тұрғындар ерекше ықыласпен атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру