Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде айт намазы оқылды (ФОТО)

26.06.2017 4863 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінде айт намазы оқылды (ФОТО)

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі айт намазына жиналған жамағат әдеттегідей алып құлшылық ордасының ішіне сыймай, ашық аспан астында құлшылық жасады. Атшаптырым мешіт ауласы ішінде иін тірескен жамағаттың көптігі соншалық, ине шаншар жер табу қиын болғандай.

Таң атысымен құлшылық ордасына қарай ағылған астаналық жамағат айт намазының белгіленген уақытынан бір сағаттай ерте жиналып, мешіт мінберіне көтерілген имамдар уағызымен сусындады. Қасиетті  Ораза айт мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, ұлық мейрамның хикметін ұғындыра түскен «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының уағызы жамағат үшін керекті мәлімет болды.

Отыз күн ораза ұстап, Алла разылығы үшін айт намазына қатысқан қалың жамағат құлшылығын өтеп болысымен бір-бірімен қуана қауышып, мешіт ішін мәре-сәре күйге бөледі. Бәрі шетінен бауырмал, бәрі шетінен мейірбан жанға айналып кеткендей. Бұлай болуы да заңды емес пе?! Өйткені, бүгін – күллі мұсылман қауымы асыға күткен Ораза айт мейрамы! Айт құтты болсын!

Қосымша суреттерді www.muslim.kzсайтынан көре аласыздар!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру