Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік Айт намазы оқылды.
Дәстүр бойынша, Айт намазы қасиетті Құран Кәріммен басталып, өкіл имамның мерекелік уағызымен жалғасты.
Айт мерекесіне жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің айт мерекесімен құттықтауын оқып, жеткізді.
Жалпы, облыс көлемінде 808 мешітте ораза айт намазы оқылды.
Айт намазы аяқталған соң намазға қатысқан жамағатқа мерекелік дастархан жайылып, қонақтар алуан түрлі астардан дәм татты.




























































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ ОҚО өкілдігі
www.muftyat.kz
25.06.2017
5040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру