Жаратқанның қалауымен бір ай бойы Ораза тұтып, Ораза айт мерекесіне де жеттік. Кеше барша қазақстандық мұсылмандар 29 күн Оразаны тәмамдап, өзара «Ораза қабыл болсын!» айтып, ауыз ашты.
Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы барлық қала жұртшылығын мұсылман әлемінің қастерлі мерекесі Ораза айт мейрамымен құттықтап, «Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – Исламның ғасырлардан бергі игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. Қасиетті Ораза айт мерекесі арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілік, береке әкелсін! Ынтымағымызды нығайта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мәдени және рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан әрі ықпал етуіміз қажет», – деп Ораза айт мейрамының қасиеті, маңызы және адамгершілік, бірлік тақырыбындағы уағызымен жалғастырды. Уағыз-насихаттан кейін мешітке келген жамағат ораза айт намазын оқыды.
Осы қасиетті айт мерекесінде барша мұсылман қауымға амандық-саулық және ауыз біршілік тілейміз!
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Семей өкілдігі
25.06.2017
3585
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру