Алматы орталық мешітінде Бас мүфти 100 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Шара барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы сөз сөйлеп, жиылған жамағатты Рамазан айы мен құттықтады.
Рамазан айы жақсылықтардың еселенетін мезгілі. Бұның ақиқаты қайырымдылық шарасы барысында да көрінді. Себебі аталмыш қайырымдылық шарасын ести сала жамығатымыздан кәсіпкер ағаларымыздың бірі 100 адамның барлығына қаржылай көмек көрсетті. Осылайша Рамазандағы беріліп жатқан қайырымдылық еселене түсті.
Қайрымдылыққа берілген азық-түліктердің нақты мұқтаждар қолына табысталуын Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Ауесханұлы тікелей өз қадағалауына алды.
Қайырымдылық көмек алған отбасылар Ержан қажы Малғажыұлы бастаған дін қызметкерлеріне алғыс айтысып тарасты.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру