«Иманғали» орталық мешіті қасиетті Қадір түнін ерекше дайындықпен атап өтті. Өйткені бұл – күллі мұсылман қауымының асыға күткен ұлық түні. Бір қуантатыны – ақшам намазы кірісімен ауыз ашар дастарханына қатысып, Қадір түнін мешітте өткізу үшін Алла үйіне жиылған жамағаттың қарасы көп болды. Мешітте атқарылған құлшылық амалдарымен қоса, ұйымдастырылған шаралар 3 сағат бойы облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының тікелей эфирі арқылы халық назарына ұсынылды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы өңір халқын Рамазан айындағы ең ерекше түн – Қадір түнімен құттықтап, айтулы түннің қадір-қасиеттерін атап көрсетті.
«Қадыр түні – бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз», «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдырет» мағынасын да қамтиды. Бұл туралы Алла Тағала «Қадыр» сүресінде «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Алла Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Алланың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Алланның рақымы мен есендігі жауады», - деп баяндайды», – дей келе, Қадір түнін құлшылықпен өткізуді үндеді.
Сондай-ақ, Қадір түнінде Қадір түнінің қасиетін айшықтаған уағыздар айтылып, кіші қажылық жолдамасы тігілген білім сайысы ұйымдастырылды. Алайда викториналық сұрақтарға толық жауап беріп, қажылық жолдамасын иелену ешкімнің бақытына бұйыра қоймады.
Алланың рақымын тілеп, таңды мешіттен атырған 2000-нан астам жамағатқа сәресі асы берілді. Арайлап таң ата бастаған шақта бір атаның баласындай имамға ұйып, Қадір түнін қарсылаған жамағат қимастықпен бір-бірімен жылы қоштасып, тарқасып жатты.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Атырау өкілдігі
24.06.2017
4606
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру