Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшеліктер Қадір түнін қарсы алды

Бақыт Смағұл www.muftyat.kz 23.06.2017 4349 0 пікір
Көкшеліктер Қадір түнін қарсы алды

Қадір түні мешітте ине шаншар орын болмады

Алғашқы Құран аяттары түскен қасиетті Қадір түні Көкшетау қаласындағы Науан хазірет бас мешітінде дұға тілеген жандардан ине шаншар орын болмады. Бірнеше мың адамға шақталған мешітке төрт-бес мың адам жиналды.

Осы күні мешіт ауласына да жүздеген адам сиятын шатырлар тігілді. Ақшам намазы оқылғасын мешітке келген барлық жамағатқа ас берілді. Құптан намазының алдында елімізге танымал діни тұлға, ғалым Абдолла Жолдас көкшелік жамағатқа тағылымды уағызын айтты. Асыл дініміздің ғибратын паш етіп, әсерлі әңгіме қозғады.

Осыдан кейін тарауық намазы оқылып, Теміржан қари Құран қатым түсіруді толық аяқтап шықты. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит қари мен Қадір түнінің мейманы Абдолла ғалымға қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жапты.

Мешітке шынайы тілекпен қадам басқан барлық адамдарға сәресі дастарханы жайылды. Көкшеліктер бұл күні таңды осылай мешіттерде дұға тілекпен қарсы алды десе де болады. Біз де барша ағайынға бір жылдық тағдыры мен берекетін белгілеп беретін Қадір түні тек жақсылық әкелсін деп ақ жарма тілегімізді жолдадық. 

 

Құран түскен түні Құран жарысы өтті

Науан хазірет мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан — Құран айы» деген тақырыпта облыс мешіттері жамағаттары арасында Құран оқу жарысын өткізді.

Бұл шара Қадір түніне орайластырылып ұйымдастырылды. Бұған барлығы он үш адам қатысты. Облыс имамы Қуаныш Сәбит сайысқа қатысушыларды құттықтап, оларға табыс тіледі. Қадір түні Алланың алғашқы сөздері уахи етілгенін айта келіп, ораза айындағы айшықты оқиға — Құран оқу сайысы деді.

Құран сайысында бас жүлдені Мұрат Мейрамбай, ал қалған екі орын Нұрлан Серікұлы мен Қабыкен Нұрмұхаммед иеленді. Оларға арнайы ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру