Қадір түні – жақсылыққа толы берекет түн. Қадір түні – Құран Кәрім түскен қасиетті түн. Бұл туралы: «Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік», деген аят бар. Қадір түнінде мейлінше көп құлшылық жасап, дұға-тілек еткен абзал.
Осы қасиетті Қадір түні маусым айының 21 нен 22 қараған күні еліміздің барлық мешіттерінде аталып өтті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде де бұл түн өз ерекшелігімен өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев отбасы атынан ауыз бекіткен жандарға арнап ауыз ашар , сәресін берді.
Мешітте Құран Хатым дұғасы жасалып, бас имам Қадір түнінің қасиеті қасиеті жөнінде уағыз-насихат айтты. Одан бөлек Тәубе намазы, Тасбих намазы, Таһажжут намазы оқылып, еркін құлшылық етуге мүмкіндік берілді.
Жылдағы дәстүр бойынша «Құлшылық самалы – Рамазан» атты шығармалар байқауының нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.
Аймақтағы Ислам дінінің өркен жаюына атсалысып, белсенді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізген тілшілер бас имам Т.Омаровтың қолынан алғыс алып, қаржылай сый-сияпатқа ие болды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Қызылорда өкілдігі
23.06.2017
4250
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру