Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МЕШІТТІҢ БАЛДЫРҒАН ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

www.muslim.kz 23.06.2017 4295 0 пікір
БАС МЕШІТТІҢ БАЛДЫРҒАН ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсының қыз шәкірттері арасында «Алланың 99 көркем есімі» атты білім сайысы болып өтті. Айға жуық уақыт ішінде жиған білімдерін таразылап, зеректігін дамыта түсуге бағытталған бұл сайыстың қорытынды кезеңіне шәкірттер арасынан 10 үміткер қатысты.

Бүлдіршіндердің білімін бағалап, арасынан үздігін анықтау төрелігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Эльмира Бұхарбаева, Аягөз Абдраманова және Өмірбекова Алияға жүктелді. Қатысушылардың қай-қайсысы да өздеріне қойылған сұрақтарға мүдірместен жауап беріп, өз алғырлықтарын жамағат алдында айқын байқатты. Үш кезең бойынша білім жарыстырған шәкірттер сайысы жанкүйер қауымның да қызу қолдауымен жалғасып отырды.

Үш ұстаз тарапынан қойылған ұпай сандарының ортақ нәтижесі бойынша «Алланың 99 көркем есімдері» сайысының 1-орын жүлдесіие Асқар Қарақат ие болды. Ал, Бегилдаева Сабина мен Орынбасарова Айшаға 2-орын берілді. Ұпай саны бұлардан сәл ғана төмен түскен Арманқызы Саида, Егінбаева Сояра және Орынбасар Айжанға 3-орын бұйырды. Сайыстың ақтық кезеңіне дейін келіп, сәл ғана сәттілік жетпей қалған Рахматулла Мунира, Лес Қаракөз, Балаби Айша және Қуандық Әйгерімге «ынталандыру» сыйлықтары табысталды. Жүлдегерлердің баршасына арнайы естелік сыйлықтар тарту етілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру