Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу жұртшылығы Қасиетті Қадыр түнін қарсы алды

ҚМДБ Талдықорған өкілдігі 22.06.2017 3700 0 пікір

Талдықорған орталық "Иман" мешітінде, Қасиетті Қадыр түні хатым Құран толығымен аударылып, хатыс дұғасы жасалды.

Өңір өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы мешітке келген жамағатты Қадыр түнімен құттықтап, «Құран ұлы Мұғжиза» тақырыбында уағыз айтты.

Орталық мешітке Алматы облысының әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Дін істер басқармасының төрағасы Рахмет Разбекұлы арнайы ат басын тіреп, Нұр-Мүбарак университетінің докторы, қари Мұхаммед Әмин ұстазымызға алғыс айтып, ата дәстүр бойынша  иығына шапан жапты. Сонымен қатар, «Алғыс хатпен» бірге силықтар табыс етті.

Қасиетті Қадыр түнінде елімізге танымал тәпсірші, ғалым Мұхитдин Исаұлы қонақта болып, Қадыр түнінің қасиеттілігі турасында уағыз айтып, қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді.

Таң рауандап атқанға дейін, орталық «Иман» мешітінің атынан, 1 500 адамға сәресі берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру