Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Қадір түнін Семей халқы қалай қарсы алды

ҚМДБ Семей өкілдігі 22.06.2017 3974 0 пікір
Қасиетті Қадір түнін Семей халқы қалай қарсы алды

Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде қасиетті Қадір түнін қарсы алу мақсатында халық көп жиналды. Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы хатымханада қала әкімішілігі Шығыс Қазақстан обылстының әкімі Даниал Ахметовтын атынан ауызашар берді, келген жамағат жайылған дастарқаннан ауыз ашты.  

Наиб имам Балтабеков Бауыржан: «Қадір түні – ең жақсы түн. Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла Тағала Қадір түнін менің үмметіме сыйлық етіп берген. Мұндай нығмет бұрынғы үмметке бұйырмаған», – деп Сіз бен бізге сүйінші хабар айтып, шаттыққа бөлеген. Алла Тағала бір ай бойы ұстаған оразаларымыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін», - деп бата жасады. 

Өкіл имам бастаған қала имамдары қаламыздағы жылдағы дәстүр бойынша Қадір түнінің маңыздылығыны жайлы ТВК-6 теле арнасында тікелей эфирден әңгімелеп отырды.

 

Құран жарысы өтті

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Бір мұнаралы Тас мешітте Семей қалалық мешіттерінің жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран Кәрімнен жарыс өтіп, байқауда 30-ға жуық жасөспірім сынға түсті.

Айтулы шараға алқа мүшелері Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Тасболатұлы Елбек, Қос мұнаралы орталық мешітінің ұстазы Шакиров Асқар, Бір мұнаралы Тас мешітінің бас имамы Нүрбек Нәдірұлы, Ислам нұры газетінің бас редакторы Дәулетхан қажы Рамазанұлы қатысып, байқау жеңімпаздарын сарапқа салды.

Бас жүлде Самиулаұлы Мұстафаға велосипед, бірінші орын Илияс Русланұлына велосипед, екінші орын Хамзаұлы Әмірге велосипед, үшінші орын Фаридұлы Файлге велосипед табысталды. Өзге де қатысқан шәкірттерге қаржылай ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.

 

Семей жамағаты қариларға құрмет көрсетті

Қасиетті Рамазан айында Құран-Кәрімді қатым етудің жөні бір бөлек екені белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешіті мен Семей қалалық Тыныбай мешітінде және Шәкәрім қажы мешітінде бір ай бойы тарауық намазында Құранды бастан аяқ оқып, хатым еткен Буйнами Билге мен Сыддық Гулер және жерлесіміз  Сағындық Мухидтинұлы  бауырларымызға  жамағат Алла разы болсын! – деп ризашылығын айтып қазақи дәстүр бойынша құтты қонағымыздың иығына шапан жапты.

Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп дұға қылған, өкіл имам Мақсат Қуанышұлы еліміздің іргесі аман болуын, тыныштығымыз тұрақты болуын, береке-бірлігіміз жарасып, қуаттана беруді нәсіп етсін деп, Алла Тағала әр түрлі табиғи апаттардан, қауіп-қатерлерден сақтасын деп дұға етті. Дініміз тұрғысында 30 пара Құран аударылған жерде береке болады деген. Осы мақсатта әр облысқа қарилардың келуін қамтамасыз етіп отырған, дінбасы Ержан Малғажыұлы хазіретке жамағат алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру