Биылғы Қадір түні Өскемен қаласында өзгеше форматта өтті. Өскеменге өң беріп тұрған «Халифа Алтай» мешітіне жиналған жамағатта есеп болған жоқ. Келушілердің жүзінен қасиетті Рамазанға деген аңсар мен құрметтің көрінісін көруге болады.
Қадір түнінде ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы жамағатты құттықтап, имандылық қағидаларынан уағыз айтып берді.
Сонымен қатар Түркиядан келген мәртебелі мейман қари Омер Күчикбалташоғлы Құран хатым оқып аяқтап, хатым дұғасын жасады.
Тарауих намазының соңынан Түркиялық қари өзінің ыстық лебізін білдірді.
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы қариларға алғыс білдіріп, мешіт атынан шапан жапты. Соңынан жамағаттармен бірге елімізге тыныштық пен бейбітшілік тілеп, дұға жасады.
Мешітке жиналған 3000-нан астам жамағатқа сәресі берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ ШҚО өкілдігі
22.06.2017
3539
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру