Мың айдан қайырлы қадір түнінің қарсаңында «Һибатулла Тарази» мешітінде қайырымдылық науқаны өтті.
Аталған іс-шарада алдын ала өтініш жазған мұқтаж тұрғындардың тізімі жасалып, 23 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.
Мүгедек, көпбалалы, жалғызбасты, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға арналған жәрдемақыны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен мешіт имамдары үлестірді.
Бас имам әр адамға 10 000 теңгеден табыстап, қасиетті айдың мүбарак түнімен құттықтады.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
22.06.2017
3355
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру