Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Нұр Ғасыр» мешіті – «Асыл арнада» тікелей көрсетілімде (ФОТО)

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі 22.06.2017 3942 0 пікір
Ақтөбе: «Нұр Ғасыр» мешіті – «Асыл арнада» тікелей көрсетілімде (ФОТО)

Кеше «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне «Асыл арна» телеарнасының жұмыс тобы арнайы іссапармен келді. Журналист, оператор, техникалық маман және режиссердан құралған жұмыс тобы мешіттің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, өкіл имам, өзге де қызметкерлермен сұхбаттасты. Аталмыш түсірілім толық монтаждалып, дайындалғаннан кейін телеарнадағы «Қазақстан мешіттері» бағдарламасынан көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, телеарнаның «Қасиетті Рамазан» атты тікелей эфирде өтетін кешкі бағдарламасына облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы және жергілікті сазгер Шымберген Сүлейменов сұхбат берді.

Бағдарламаға қатысушылар барша қазақстандықтарды қасиетті рамазан айымен құттықтап, елдің есендігін, бейбітшіліктің бүтіндігін тілеп, жылы лебіздерін жеткізді. Өкіл имам рамазан айының құрметіне Ақтөбе мешіттерінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен қайырымдылық шараларын баяндап, қысқаша айтып өтті.

31

32

65

333

365

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру