Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІНДЕ БАС МЕШІТТЕ ҚҰРАН ХАТЫМ БАТАСЫ ЖАСАЛДЫ (ФОТО

www.muslim.kz 22.06.2017 4154 0 пікір
ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІНДЕ БАС МЕШІТТЕ ҚҰРАН ХАТЫМ БАТАСЫ ЖАСАЛДЫ (ФОТО

Бүгін, қасиетті Қадір түнінде Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым батасы жасалып, Рамазан айы басталғалы бері жамағатқа имамдық етіп келе жатқан қариларға құрмет көрсетілді.

Алып құлшылық ордасына жиылған қалың жамағат алдында ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қариларға арнайы «Алғыс хат» табыстап, қазақы дәстүрге сай иықтарына шапан жапты. Айта кетейік, биылғы жылы еліміздің Бас мешітіндегі тарауих намаздарына белгілі қари Еркінбек Шоқай және «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері Ғазиз Ахметов пен Дінмұхаммед Сманов имамдық етіп келеді.

Қасиетті Қадір түнін Құран хатым батасымен бастаған қалың жамағаттың құлшылығы таң қылаң бергенше толастамады. Жиылған жамағатқа Қадір түнінің қасиеті мен артықшылығы турасында, қандай құлшылықтар мен амалдарды атқарған абзалдығы жайында, жалпы Рамазан айы туралы «Әзірет Сұлтан» мешітінің имамдары жан-жақты уағыз жүргізіп, қасиетті Қадір түнін құлшылықпен өткізуге шақырды.

Ымырт үйірілісімен құлшылық ордасына қарай ағылған астаналық жамағат нөпірі алып мешіт ішін құптан намазына дейін лық толтырған болатын. Орын жетпеген мыңдаған жан мешіт ауласына жайнамаз төсеп, құлшылығын ашық аспан астында жалғастырды. Сырттағы жамағаттың іштегі жайды көріп тұруы үшін биылғы жылы да арнайы LED экрандар қойылып, уағыз-насихат жұмыстары ауладағылар айқын әрі анық жетіп тұрды.

Қалған суреттерді «www.muslim.kz» сайтынан көре аласыздар! 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру