Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

07 Мамыр 2026

20 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Алматы өңірі:  «Перзент» балалар үйі және зағиптар қоғамына Бас мүфтидің ауызашары берілді (ФОТО)

ҚМДБ Алматы өңірі 21.06.2017 6056 0 пікір
Алматы өңірі:  «Перзент» балалар үйі және зағиптар қоғамына Бас мүфтидің ауызашары берілді (ФОТО)

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылы «Нұр-Мұсахан» мешітінің мейрамханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Перзент» балалар үйі және зағиптар қоғамына ауызашар дастарханы жайылды.

Қайырымдылық іс-шараға арнайы ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Даулетияр қатысып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізді. Жиналған қауымды келе жатқан қасиетті Қадір түнімен құттықтап, дұғалар қабыл болуына ықылас білдірді. 

Алматы өңірінің  өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы осы қайырымдылық іс-шараға өз үлесін қосқан барша азаматтарға алғыс айтып, Рамазан айында атқарылып отырған іс-шараларды баяндады. Жиын соңында «Перзент» балалар үйі шәкірттері мен зағиптар қоғамына арнайы сыйлықтар табысталып, қаржылай көмек берілді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру